Бір аптада Қазақстанда 2 839 қылмыс тіркелді – ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір аптада еліміз аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір аптада 2839 қылмыс жасалды, оның 1701 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты - 4, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты - 2, сондай-ақ 43 тонау және 388 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.


Соңғы жаңалықтар