Бір аптада елордада коронавирус жұқтыру қай деңгейде өскені белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 14 709 коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның ішінде 9 030-ы симптоммен және 5 679-ы симптомсыз. Қалада сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға 1 273 жағдайды құрады. 14 709 жағдайдың 200-і сырттан әкелінген, 10 523-і жергілікті, 3 986-байланыста болған адамдар. Барлығы 18 774 байланыста болған адам анықталды, бүгінгі күні 17 766 адам карантиннен шығарылды», - деді Ж. Пірәлиева онлайн режимде өткен коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, жас жағынан алғанда COVID-19 жұқтырған адамдардың ең көп саны 40 жастан жоғары. Олардың жалпы індетке шалдығу көрсеткішінің 42 пайызын қамтып тұр. Осы орайда 18 жасқа дейін-8 пайыз, 18-ден 29-ға дейін – 22 пайыз, 30-дан 39-ға дейін – 28 пайыз.

«COVID-19 ауруына шалдығудың қайта өсуі 1 қазаннан бастап аптасына 46-дан 199 жағдайға дейін байқалуда. Тәулігіне 20-дан 34-ке дейін ауру белгісі бар жағдай тіркеледі. Ересектер арасында да, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында да тіркеліп жатыр. Соңғы аптадағы ауруға шалдығу өткен аптадан 1,3 есе немесе 27 пайызға жоғары», - деді Ж. Пірәлиева.


Соңғы жаңалықтар