Бір аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды – ҚР ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бір апта ішінде 2 959 қылмыс жасалды, оның 1930-ы тәулік ішінде ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің апталық онлайн брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2 959 қылмыс жасалды, оның 1930-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 39 тонау және 503 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің апталық брифингтінде.

Бұған дейін ресми өкіл ШҚО-дағы алапат өрт жөнінде ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Ондағы құтқару жұмыстарына 300-ден астам полиция қызметкері мен 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылған.




Соңғы жаңалықтар