Бір аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді
2022 жылғы 27 маусым 10:59

Бір аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір аптада Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 2948 қылмыс жасалды, оның 1864-і тәулік ішінде ашылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы анықталып, осы қылмыстардың мән-жайы белгілі болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT