Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ
ДДҰ апталық эпидемиологиялық бюллетеніне сәйкес, өткен аптада, 11-17 қаңтар аралығында коронавирустан 93 882 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Өткен аптамен салыстырғанда COVID-19-дан болған өлім 9%-ға артты. Жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 014 957-ге жетті.
Өткен аптада өлім деңгейі Батыс-Тынықмұхит аймағында 35%-ға өсіп, ең жоғары көрсеткішті көрсетсе, ең төменгі 2%-дық көрсеткіш Шығыс-Жерорта теңізі аймағында тіркелген. Бір аптада COVID-19-дан болған ең көп өлім Америкада тіркелді – 43 804.
Індеттің таралуына келер болсақ, ДДҰ бюллетенінде Америка, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияда жұқтырғандар саны азайғаны, ал Батыс-Тынықмұхит аймағында, керісінше көбейгені хабарланған. Вирусқа шалдыққандар Еуропада 15%-ға төмендеген, ал жаңа жұқтыру оқиғалары Батыс-Тынықмұхит аймағында 14%-ға көбейген.
Ең көп коронавирус жұқтыру оқиғасы Америкада тіркелді – 2 467 817 адам. Одан кейінгі орында 1 610 353 жаңа коронавирус жағдайымен Еуропа тұр. Үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия, онда 204 654 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді. Жалпы, ДДҰ мәліметінше, өткен аптада әлемде 4 725 029 адам инфекция жұқтырған.