Бір аптада 6,5 млн адам коронавирус жұқтырды – ДДҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше өткен аптада 6,5 млн астам адам коронавирус жұқтырып, дерттен 14 мың адам көз жұмды. Бұл көрсеткіш одан бұрынғы аптамен салыстырғанда 9%-ға, қайтыс болғандар көрсеткіші 3%-ға қысқарған. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Жеті күн ішінде ДДҰ-ға 6 565 679 адамның жұқтырғаны және 14 179 адамның індеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен. Вирус жұқтырғандар санының өсуі Батыс Тынық мұхиты аймағында (плюс 20%) және Африкада (плюс 5%) тіркелді. Сонымен қатар ауру Еуропада (минус 35%) және Шығыс Жерорта теңізінде (минус 12%) айтарлықтай төмендеді. Өлім-жітімнің едәуір өсімі Батыс Тынық мұхиты аймағында (плюс 44%), Шығыс Жерорта теңізінде (плюс 26%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (плюс 20%) анықталды.

Ал Еуропада ауру көрсеткіші төмендеді (минус 26%). Жапония бір аптадағы ең көп ауру жұқтырғандар туралы хабарлады - 1 379 099 адам. Одан кейін АҚШ (923 366), Корея Республикасы (564 437), Германия (459 724) және Италия (394 583). АҚШ-та жеті күнде қайтыс болғандар саны ең көп тіркелген -2 626, делінген ақпараттық бюллетеньде.

3 тамыздағы жағдай бойынша ДДҰ-ға пандемия басталғалы 557 018 226 адамның коронавирус жұқтырғаны және 6 401 046 адамның қайтыс болғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар