Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді – ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 2 858 қылмыс жасалды, оның 1 677-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 36 тонау және 418 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі апталық онлайн брифингіде.


Соңғы жаңалықтар