Бір апта ішінде елімізде 3,3 мың қылмыс тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде елімізде 3 371 қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3 371 қылмыс жасалды. Оның 2 145-і тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкілдің атап өтуінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру қылмысын ашқан.

«Сондай-ақ, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 39 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол.

Нұрділдә Ораз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ерекше көзге түскен әйел қызметкерлерді арнайы құттықтағанын да атап өтті.

«Айта кету керек, қыз-келіншектер Ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде, соның ішінде қылмыстық полиция, тергеу, қоғамдық қауіпсіздік сияқты жетекші бөлімдерде қызмет атқарады. Бүгінгі таңда полиция қатарында 11 мыңға жуық әйел қызмет етеді, олардың 580-і басшылар», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар