Бір апта бұрын Елбасы дәрісін тыңдап, арқалансақ, енді, міне, «Қазақ елі» ашылды - студент пікірі

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бір апта бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісін тыңдап, арқалансақ, енді, міне, елордадан «Қазақ елі» ашылды.

Мұның бәрі бір-бірімен сабақтасып жатқандай. Бұл туралы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті политехникалық факультетінің студенті Гүлжазира Қазбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Президенттің студенттерге айтқан ақыл-кеңесі ерекше күш берді. Елбасы сөзі қазақ елінің әрбір жасын оқуға, адал еңбек етуге жетелейді. Болашақта жастардан үміт күтіп отырған ата-ана, ұстаздардың сенімін ақтауға, биік белестерге жетуге ұмтылдырары сөзсіз. «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Еліміз күн сайын жаңарып, даму үстінде. Оған күні кеше Астанада ашылған «Қазақ елі» ескерткіші толық дәлел бола алады. Біз де осыған сәйкес өсіп-өркендей беруіміз керек», деді ол.

Соңғы жаңалықтар