Бір ағамыз әйелімді ұрмауға кеңес берген - Бас прокурор Асанов
2017 жылғы 14 сәуір 10:35

Бір ағамыз әйелімді ұрмауға кеңес берген - Бас прокурор Асанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған жиында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов өз баяндамасын өмірінде болған бір оқиғамен бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ол оқиға бүгінгі жиынның тақырыбымен ұйқасып отыр. 80-жылдардың соңында бір прокурор ағамыз маған ақыл-кеңесін берген еді. "Жақып", - деді ол. - Жақын арада мен зейнеткерлікке шығамын, саған үлкен бір қателігім жайында айтайын деп едім. Мен әйеліме де, кішкентай балаларыма да қол жұмсап, оларды ұрып-соғумен өттім. Ондай жағдайлар талай рет болған. Қазір оның барлығы маған бумерангпен қайтып келіп отыр. Әйелім науқас болды. Ол әлі күнге дейін менің қол жұмсағанымды кешіре алмай келеді. Балаларымның қатынасы да суып кеткен. Олар өз анасын қатты аяйды. Сен әлі жассың. Саған айтарым, әйеліңе де, балаларыңа да ешқашан қол көтеруші болма. Менің өмірім осымен бітті. Бірақ сол қателігім үшін қатты өкінемін" деді ағамыз. Біршама уақыттан кейін ол кісі қайтыс болды".

Оның айтуынша, елімізде әйел адамдарға қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасы жағдайында болды. Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салды.

Айта кетейік, Бас прокурор өз баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде оқып шықты.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT