Бір адамның денсаулыққа жұмсайтын шығындары 56 мыңнан 122 мың теңгеге дейін өскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдің бір тұрғынына денсаулық шығындары 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін ұлғайған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 3 жылда күндізгі стационарларға ақы төлеуді қаржыландыру 4 млрд теңгеден 6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал консультациялық-диагностикалық көмекке бөлінетін сома ағымдағы жылы 25 млрд теңгеден 364 млрд теңгеге дейін, яғни 14 есе өсті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы бөлінетін қаражатты ескере отырып, елдің бір тұрғынына денсаулық шығындары 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін ұлғайды», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы 20 миллионға жуық бейінді мамандар консультациясы мен диагностикалық зерттеу жүргізілген.

«Алайда, өткен жылы бұл цифр 142 миллионға дейін өсті, яғни 7 есе көп. Бұл ретте дәрігерлердің қабылдауының, зертханалық талдау және аспаптық диагностика жүргізудің 7 есе өскенін көрсетеді. Мысалы стоматологияны алайық. 2019 жылы 3 миллионға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 13 млн дейін, яғни шамамен 5 есе өсті. Бұл стоматологиялық көмектің адамдарға қолжетімді болғанын көрсетеді», - деді Тимур Сұлтанғазинов.


Соңғы жаңалықтар