Бір адамға үш рет қатарынан қастандық жасалды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащысай ауылының тұрғындары полицейлердің немқұрайлығына наразы. Ауыл тұрғына үш рет қатарынан қастандық жасалған. Алайда үш оқиға барысында да қылмыскерлер қолға түспеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы кәсіпкердің көлігіне жарылғыш зат қойып кеткен. Нұрлан Тасболатұлы таңертең отбасымен бірге шәйін ішіп болғаннан кейін, өзінің көмекшісіне көлігін оталдыра салуын сұраған. Көмекшісі көліктің келіп есігін ашпақшы болған кезде дөңгелектің астында ширатылып жатқан жіпті көрген. Жіпті алып тастамақшы болып тартып қалғанда жарылыс болған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық Нұржігіт есімді азамат  5-6 метрге ұшып кеткен.  Нұрланның анасы көліктің астындағы екінші жарылғыш іске қосылмай қалғанына шүкір дейді.  Айтуларынша саперлер сағаттап жүріп тағы бір жарылғыш затты залалсыздандырыпты. Ал ауыр халде ауруханаға жеткізілген Нұржігіт қазір Есік қаласының орталық ауруханасында ем алып жатыр. Бір адамға үш рет қатарынан қастандық жасалуын ауыл азаматтары полицияның немқұрайлығынан көріп отыр. Алғашқы екі оқиға кезінде күдіктілер ұсталғанда айдың күннің аманында ауылда мұндай жарылыс болмас еді дейді олар.
null 

«Пистолетпен келіп атып жатыр, автоматпен келіп атып жатыр. Жарылғыш зат қойып жатыр. Енді бір күні танкімен келіп таптап кеткенше жататын шығармыз осында. Қашан келіп өлтіріп кетеді екен деп», - дейді Ащысай ауылының тұрғыны Нұрлан Ахметов.
null 

Естеріңізге сала кетейік,  Алматы облысында кәсіпкердің көлігін белгісіз біреулердің жарып жібергені жайлы хабарлаған болатынбыз. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы фактіге байланысты «Адам өлтіруге оқталу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Ал кәсіпкердің өзі зардап шекпеген. Көлікке жарылғыш зат қойған адам іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар