USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Биологиялық қауіпсіздік туралы құжат инфекциялардың тарауының алдын алады – Мәжіліс төрағасы

2021 жылғы 8 желтоқсан 12:51
Бөлісіңіз:
Биологиялық қауіпсіздік туралы құжат инфекциялардың тарауының алдын алады – Мәжіліс төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Берік Әбдіғалиұлы: Құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді Құзырлы органдар қайғылы жағдайда қайтыс болғандардың санын ашық әрі жария беріп жатыр - Ерлан Саиров Сенатор Нұртөре Жүсіп Алматы трагедиясы туралы: Бәрі ашық айтылуы тиіс

«Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік» туралы заң жобасын (бірінші оқылымда) мақұлдадық. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат елімізде биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Ол әртүрлі инфекциялардың алдын алуға, халықтың денсаулығын сақтауға, жалпы алғанда, қоршаған ортаны биологиялық қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Құжат биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақты ажыратуға және олардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Палата спикері бұл заң жобасы Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін құру үшін құқықтық негіз болады және азаматтар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталғанын айтты.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында және 2020 жылғы 16 қарашада коронавирустық инфекция жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әзірледі. «Заң жобасының басты тұжырымдамасы биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT