Биоалуантүрлілікті сақтау тұжырымдамасы әзірленеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2030 жылға дейінгі биоалуантүрлілікті сақтау тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 2-тоқсанында Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірлеу жоспарланған. Аталған құжатта орман шаруашылығын дамыту, ормандарды сақтау және оларды тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар қарастырылатын болады», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Жалпы, Роман Слярдың сөзіне қарағанда, орман шаруашылығын қорғау және дамыту жұмыстары Үкіметтің тұрақты бақылауында болады.


Соңғы жаңалықтар