Билл Клинтон екі Буштың арасынан сығалап суретке түсті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон таяу күндері Далластағы кіші Джордж Буштың кітапханасында болып, өзінің алдында Американы басқарған үлкен және кіші Джордж Буштарға орнатылған ескерткіштердің жанында суретке түскен. Екі Буштың арасынан сығалап тұрған Клинтонның қуанышты фотосы БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге бөледі.

Суретті Твиттерге Клинтонның баспасөз хатшысы орналастырып, «Техаста бара-бара үлкейіп барады», деп жазған. Қоладан жасалған үлкен және кіші Буштар суретте Клинтоннан бір жарым есеге дерлік биік.

АҚШ-тың 42-президенті болса, баспасөз хатшысының бұл жазбасымен өз парақшасында бөлісіп, «тым әсіре сілтемеуді» өтінді.

Интернет-пайдаланушылар керісінше, саясаткердің әзілқойлығына риза болуда.

 

Соңғы жаңалықтар