02.02.2023 23:15 Қызылорда облысында 140 мыңнан астам оқушы 3 ақпанда қашықтан оқиды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 140 мыңнан астам оқушы 3 ақпанда қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 12:57 Қаржы министрі Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру тәртібі өзгеретінін айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы уақытта Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті шығындарын арнайы эндаумент-қор жабатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 08:46 Қарағанды облысында 147 мектептің жылу қазандығы дұрыс орналаспаған ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында мектеп қазандықтарының қауіпсіздігі тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңда өңірде 302 білім мекемесі дербес жылыту жүйесі мен қазандықтан жылытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.02.2023 21:50 Қазақстандық университет британдық сапа белгісін алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев QAA британдық аккредитациялық агенттіктің Халықаралық және кәсіби қызметтер бойынша директоры Эдуардо Рамоспен жоғары білім саласындағы сапаны бағалау бойынша халықаралық келісімге қол қойды. Бұл шара Лондонда Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.02.2023 14:45 «Болашақ» түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдан бастап шетелдік университет, жұмыс беруші немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.02.2023 09:53 Қазақ ғалымы есту қабілеті нашар балалардың тілін шығаратын әдістеме жасады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда теңдесі жоқ ерекше әдістемені Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.02.2023 02:16 Педагог мәртебесі: Түркістан облысында 4 мектеп директорына қатысты әкімшілік іс қозғалды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Педагог мәртебесі» туралы заңның талаптарын бұзған 4 мектеп директорына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 21:35 Түркістанда 100-ден астам мұғалімге төленген қаржы бюджетке қайтарылды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 100-ден астам педагогке төленген қаржы бюджетке қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 18:01 Президент тапсырмасы: 410 колледж кәсіпорындар қамқорлығына берілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Отандық кәсіпорындар 400-ден астам колледжді өз қамқорлығына алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі өткізген баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 17:39 Отандық кәсіпорындардың тапсырысымен қосымша 10 мың маман даярланады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық колледждер кәсіпорындардан қосымша 10 мың маман даярлауға тапсырыс алды. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 17:38 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.
31.01.2023 17:32 Техникалық және кәсіптік білімге мемлекеттік тапсырыс 50 мыңға артады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамти түсу мақсатында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 50 мыңға ұлғаяды. Толығырақ Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 17:19 Соңғы қоңырау шарасы министрлік бұйрығымен бекітілмейді - ведомство басшылығы АСТАНА. ҚазАқпарат – Мектептердегі соңғы қоңырау шарасы министрлік бұйрығымен бекітілмейді. Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова биылғы соңғы қоңырау күніне қатысты мәселені тағы бір мәрте түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 16:39 Тегін үйірмелер оқушылардың бәріне бірдей қолжетімді емес – Мемлекет басшысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір Астанада балабақша кезегінде 45 мың бала тұр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңесте мәлім етті.
31.01.2023 15:57 Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат – Мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 15:36 Колледж түлектеріне дипломмен қоса құзыреттілік картасы беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта колледж бітірген студенттерге дипломмен қоса, олардың мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін куәландыратын қосымша құжат беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 08:23 ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде сақталуға тиіс ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.01.2023 16:24 2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандық аталды АСТАНА. ҚазАқпарат – «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев 2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 мамандықты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.01.2023 12:53 Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы болып Айман Ибраева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.01.2023 07:53 Абай облысының кей аудандарында 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бүгін, 30 қаңтарда Абай облысының кей аудандарында сабақ қашықтан өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.