18.02.2023 15:16 Ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Қазақстанның әр өңірінен келген 120 пікірсайысшының қатысуымен 2 күн бойы турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18.02.2023 08:37 Атырауда 600 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.02.2023 20:57 Тегін техникалық-кәсіптік білімге арналған мемлекеттік тапсырыс 15,5 мың орынға дейін артады АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңірі бойынша 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Жол картасын әзірлеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.02.2023 15:15 Биыл 555 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алады АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
17.02.2023 13:06 Ақтөбе облысының әкімі: интернет болмаса, ауылда жастар тұрмайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір мұғалімнің 5 пән бойынша сабақ беруін толық тоқтаттық. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 22:23 Назарбаев зияткерлік мектептері Jusan-ды елге қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Назарбаев зияткерлік мектептері» қаржыландыру көзі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.02.2023 20:47 Атырау облысында 31 орта мектепте директордың орны бос тұр АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 31 орта мектепте директордың орны бос тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 19:21 Елордада екі жыл ішінде 40-тан астам жайлы мектеп салынады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елордада жайлы мектептерді салуды бастайды. Бұл туралы қала әкімінінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 16:23 Депутат Артспорт жобасы аясындағы кемшіліктерді айтты АСТАНА. ҚазАқпарат - «Артспорт» жобасын жұртшылық жылы қабылдаған болатын және тегін үйірмелер мен секцияларға бару арқылы балалардың дамуына ықпал етті. Алайда, кейіннен сыбайлас жемқорлық қаупі төнетін көптеген фактор анықталып отыр. Сенатор Руслан Рүстемов еліміз Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында осы проблемаларды шұғыл шешудің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 12:04 СҚО-да биыл орта ғасыр дәуірін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыс басталмақ ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының ежелгі тарихын жан-жақты, терең зерттеу мақсатында республикадағы танымал ғылыми-зерттеу институттарының екі филиалы ашылып, жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 22:14 Өскеменде бомба жайлы хабардың тыйылмауынан оқушылар онлайнға көше ме ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚ білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева Өскеменде мектептерге бомба қойылғандығы жайлы хабардың тыйылмай тұрғандығынан балалардың онлайн форматқа ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 18:56 Өскеменде тағы да мектептерде ешқандай бомба жоқ болып шықты ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тағы да мектептерде ешқандай бомба жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 16:00 Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығын басқаратын болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
15.02.2023 15:48 Өскеменде бірқатар мектепте оқушылар үшінші күн қатарынан сабақ оқи алмай отыр ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында соңғы 10 күнде мектептерге бомба қойылғаны туралы алтыншы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 14:10 Президент тапсырмасы: Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтаудағы Есенов университетінің базасында Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады.
15.02.2023 07:31 Қызылорда қаласында төменгі сынып оқушылары бүгін онлайн оқиды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 15 ақпанда 0-4 сыныптар аралығындағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 05:25 Алматылық мұғалімдер халықаралық тағылымдамадан өтті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық педагогтар кадрлық әлеуетті дамыту бағдарламасы аясында алғаш рет халықаралық тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 22:38 Түркістан облысында мектеп саны 1 мыңға жетті ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Сарыағаш ауданында өңірдегі бір мыңыншы мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 18:14 СҚО мектебінде оқушы балтамен жарақаттаған балалардың қазіргі жағдайы қалай ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы 9-сынып оқушысының қолынан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 16:53 Петропавлда жұмыс тобы құрылып, мектептердің қауіпсіздігін тексеріп жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – 9-сынып оқушысы пышақ-балтамен 3 баланы жарақаттаған Петропавлдағы № 4 мектепте бүгін сабақ қашықтан өтсе, ертең штаттық режімде жұмысқа кіріспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.