14.12.2022 10:30 Жетім балалар үшін жаңа кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға дейін қолайлы оқу жағдайлары бар жаңа 1,5 млн оқушы орнын енгізу міндеті тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.12.2022 10:29 Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады - Аймағамбетов АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.12.2022 08:51 Жол саласы мамандарының біліктілік курстарына сұраныс үш есе өсті АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде автомобиль жолдарын салудың сапасын жақсарту үшін жол құрылысына арналған негізгі материалдарды жеткізушілер асфальтбетонның жарамдылық мерзімін арттыру мақсатында полимерлі қоспалары бар модификацияланған битум өндірісіне көшіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
14.12.2022 07:35 Абай облысының екі ауданында бастауыш сынып оқушылары онлайн форматта оқиды АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысының Бородулиха, Бесқарағай аудандарында бірінші аусымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
14.12.2022 07:12 Өскеменде бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Күннің суытуына байланысты Өскеменде 14 желтоқсан күні 0-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.12.2022 16:40 Ғылыми-педагогикалық виза: Қазақстанға 100 үздік оқытушы мен ғалым шетелден шақырылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыру үшін шетелден 100 оқытушы мен ғалым шақырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.12.2022 15:24 Астанада оқушылар арасында республикалық дебат турнирі басталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кубогі үшін оқушылар арасында республикалық дебат турнирі басталды. Іс-шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.12.2022 14:30 2024 жылдан бастап елордаға іргелес ауылдарда 15 мектеп салынады АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылдан бастап елордаға іргелес ауылдарда 15 мектеп салынады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.12.2022 13:40 «Болашақ» стипендиясы: Инженерлік-техникалық мамандар үшін жеңілдіктер жасалады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.12.2022 11:14 Қазақстандық 100 мың студент Coursera плтаформасында білім алады АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш жылда 100 мың қазақстандық студент пен қолданушы Coursera платформасында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12.12.2022 21:56 13-15 желтоқсанда жаңадан жұмысқа кірген педагогтер ұлттық біліктілік тестін тапсырады АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас ұстаздарға арналған біліктілік аттестациясы осы айда ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
12.12.2022 20:53 Бұрын жезөкшелікпен айналысқан адамдар АrtSport аясында балаларға сабақ берген АСТАНА. ҚазАқпарат - АrtSport бағдарламасын жүзеге асыру барысын тексеру кезінде 6 мыңға жуық баланы жалған тіркегені анықталды. Салдарынан 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12.12.2022 16:50 Оқу-ағарту министрлігі мектеп демалысының қысқаруы туралы қауесетке пікір білдірді АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда келесі оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен емес, 20 тамыздан басталатыны туралы жазба тарады. Оқу-ағарту министрлі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.12.2022 16:14 Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғастырып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.12.2022 11:47 2026 жылға дейін 400-ден астам жаңа мектеп ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – 2026 жылға дейін 400-ден астам жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.12.2022 09:32 WorldSkills Kazakhstan 2022: 110 студент ұлттық чемпионаттың жеңімпазы атанды АСТАНА. ҚазАқпарат - «WorldSkills Kazakhstan 2022» VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы шықты.
11.12.2022 16:35 Шахтинскіде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталық ашылды ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Шахтинск қаласында №6 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) ашылды. Онда Шахтинск, Саран, Абай және Нұра аудандарынан туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 50 мыңнан астам балаға қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.12.2022 05:30 Колледж студенттерінің жеке бизнес ашуына мүмкіндік беріледі – Асхат Аймағамбетов АСТАНА. ҚазАқпарат – Колледж студенттеріне өздерінің стартап жобаларын жүзеге асыруы үшін қосымша мүмкіндік беріледі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «WorldSkills» республикалық чемпионаты барысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.12.2022 03:40 Алматыда 100 мектеп автобусы сатып алынады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2023 жылы 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.12.2022 01:49 Елордада WorldSkills республикалық чемпионаты өтіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада колледж студенттері арасында «WorldSkills» республикалық чемпионаты өтуде. Оған 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан 500-ге жуық студент қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.