31.12.2022 13:40 Қазақстандық оқушылар «бестік» баға алып, ақша тауып отыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда үздік оқитын оқушылар бестік бағаларын ақшаға айналдырып, тұрмыстық және электрондық техника дүкендерінің бірінен қажетті затын сатып алып отыр. Жоба кundelik.kz платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі үздік бағамен бонус жинау және оны ақшаға айналдыру механизмін анықтап көрді.
31.12.2022 04:15 2023 жылдан бастап әскерден оралған сарбаздар 40-тан астам университетте тегін оқи алады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындары әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен жобаны іске асыруға кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.12.2022 19:04 Үкіметте ЖОО-ларды дамыту, жатақханалар салу және инновацияларды қолдау мәселелері қаралды АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ғылым мен жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
30.12.2022 17:09 Баласын түнде ойын-сауық орындарына жіберген 78 мың ата-ана жауапқа тартылды – ҚР ІІМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы кәмелетке толмаған балаларды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жібергені үшін 78 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылған.
30.12.2022 15:40 Балалар жылында бүлдіршіндерді қолдау бағытында қандай шаралар ұйымдастырылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев Балалар жылында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.12.2022 22:59 Атырау облысының Исатай ауданында өнер мектебінің құрылысы басталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Исатай ауданында өнер мектебінің құрылысы басталды. Мектеп 250 орынға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.12.2022 16:05 Қазақстандық оқушылар Бакуде өткен SAF-2022 робототехника фестивалінде 7 кубокты жеңіп алды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар Бакуде өткен SAF-2022 робототехника фестивалінде 7 кубокты жеңіп алды. Ақжолтай жаңалықты бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.12.2022 12:44 Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме джасап.
29.12.2022 12:09 33 мыңнан астам қазақстандық білім алушы «PISA» зерттеуіне қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 1 мың мектеп пен колледж Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының PISA-based Test for Schools - «Мектептерге арналған PISA» халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысты. Зерттеу 15 жас аралығындағы оқушылардың білімі мен машығын үш бағыт бойынша бағалайды: оқу, математика, жаратылыстану, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.12.2022 18:26 СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық жөніндегі екі баппен күдікке ілікті ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Қазір ол қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.12.2022 16:53 Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясына ие болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген халықаралық «Болашақ» стипендиясына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.12.2022 20:07 Жамбыл облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мейірхан Өмірбек Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
27.12.2022 18:59 Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
26.12.2022 16:27 Магнус Карлсен: Шахмат туралы ойлауды ешқашан тоқтатқан емеспін АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда зияткерлік ойынға қызығушылық айтарлықтай артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына белгілі норвегиялық шахматшы, шахматтан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен айтты, деп хабарлйады ҚазАқпарат тілшісі.
25.12.2022 17:08 Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 300 оқушыға Президент сыйлығы тапсырылды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте «Президент шыршасы» тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.12.2022 09:45 Атырау облысында «Жайлы мектеп» аясында 12 білім ордасы салынады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасымен 12 білім ордасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.12.2022 23:53 Қазақстандық 5 мыңға жуық педагог біліктіліктерін сынады АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 мыңға жуық педагог қатысқан «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.12.2022 14:42 Алматы облысында ArtSport арқылы пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ArtSport мемлекеттік бағдарламасы арқылы пара алған шенеунік пен кәсіпкер ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.12.2022 11:38 6 жасқа толған жеткіншектер балабақшадан шығарылмайды - министр АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 жасқа толған жеткіншектер балабақшадан шығарылмайды. Олар оқу процесі толық аяқталғанға дейін мектепке дейінгі ұйымда тәрбие алады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.12.2022 12:56 Көкшетау мен Павлодарда түстен кейін оқитын оқушылар мектепке бармайды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі өңірінде екінші ауысым оқушылары үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.