16.03.2023 09:21 Шетелде тұратын қазақ балалары биыл да Қазақстанға жазғы лагерьге келе алады АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелде тұратын қазақ балаларының басын қосатын жазғы лагерь биыл 1-14 шілде аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.03.2023 13:53 3 сәуірде «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың екінші легі 2023 жылғы 3 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.03.2023 12:38 Қазақстанның 1 384 елді мекенінде мектеп жоқ АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 1 384 елді мекенде мектеп жоқ. Ондағы 34 644 оқушы өзге елді мекендерден қатынап білім алып жүр. Оқу-ағарту министрлігінің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында осындай дерек берілген.
15.03.2023 12:00 Елдің қай аймақтары балалар үшін әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз саналады АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 11:34 Сыныптастарын балтамен жарақаттаған петропавлдық оқушы неге үйден оқымады АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігіндегілер Петропавл қаласындағы мектептестерін жарақаттаған баланың неге психологиялық жағдайына байланысты үйден оқымағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 11:06 Министрлік жол қауіпсіздігін мектепте жеке пән ретінде оқытуды орынсыз деп есептейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті жол қауіпсіздігін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды орынсыз деп есептейді. ҚазАқпараттың министр атына жолдаған сауалына комитет басшысының міндетін атқарушы Зәуре Байменованың қолымен жолданған жауапта осындай ұстаным айтылған.
15.03.2023 08:23 Көкшетауда бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығында бастауыш сынып оқушылары бүгін үйден білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
14.03.2023 11:46 Елордада балабақша кезегінде тұрған бала саны нақтыланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы мемлекеттік балабақшаларда 33 мың бала қамтылған. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 19:47 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 16:44 «Ветеринария» мамандығына бөлінген гранттардың 50% жуығы игерілмеген АСТАНА. ҚазАқпарат –Былтыр «ветеринария» мамандығына бөлінген білім грантының жартысына жуығы игерілмей қалған. Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ білім басқармасының бас менеджері Бақыт Насырханова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 10:57 Әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесінсіз әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 10:25 Арнайы және инклюзивті білім мекемелерінің үздік педагогтері сынға түседі АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арнайы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арнап конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.03.2023 17:34 Әскери оқу орынына түсу кезінде қандай талаптарды ескеру керек АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскери жоғары оқу орындарында 20-дан астам мамандық қамтылып отыр. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, полковник Ерболат Әділбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 18:37 Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға көмек көрсетудің жаңа тәсілін ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға көмек көрсетудің жаңа тәсілін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.03.2023 16:28 Мажарстандағы қазақстандық студенттер үшін стипендиялық бағдарламаның мерзімі ұзарады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мажарстанда білім алатын қазақстандық студенттер үшін «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының мерзімі ұзарады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 15:26 Ақтөбеде мектептегі шаруашылық бөлмесінің қабырғасы сөгіліп кетті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп қабырғасы сөгіліп кетті. Бұл - қосымша шаруашылық бөлмесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 07:43 Сабақ кезінде оқушы мен мұғалімнің ұялы телефон пайдалануына тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 20:40 Щучинскіде Freedom House заманауи кампусы бой көтереді АСТАНА. ҚазАқпарат – Щучинск қаласындағы IQanat мектебінің аумағында жаңа кампустың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жаңа кампус Freedom House деп аталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 19:46 Қазақстан студенттері Amazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық студенттер Amazon корпорациясының ауқымды халықаралық жобасында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. OpenSearch Amazon жобасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.03.2023 18:48 Ғылым саласында еңбек етіп жүрген жандарды қолдаймын - Президент АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір белсенділерімен пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.