Білім және ғылым министрі үздік мұғалімдерді марапаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдер арасындағы  республикалық «Панорама педагогических идей» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес ҚР БҒМ тапсырысымен республикалық «Панорама педагогических идей» атты байқау ұйымдастырған болатын.

Онда мектепке дейінгі мұғалімдерге, орта, техникалық, кәсіби және жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне арнап бейнесабақтар мен бейнедәрістер іріктелді.

 «Еліміздің білім  саласына негізделген осындай ауқымды байқау бірінші рет ұйымдастылырып отыр. Республикамыздың барлық мұғалімдері бірінші рет өз тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігін алды. Байқау аймақтық және республикалық деген екі кезеңнен тұрды. Аймақтық кезеңге 2 750 мұғалім қатысты. Ал республикалық кезеңге 940 бейнесабақ ұсынылды, оның ішінде  66 бейнесабақ 22 номинацияға ілікті», - деді «Өрлеу» өкілдері.

 Бүгін салтанатты жиында ҚР БҒМ басшысы  жеңімпаздарды марапаттады. Ол осы сынды конкурстардың еліміздің білім саласына әкелер пайдасын ескере отырып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Екінші орын иегерлерін Қазақстанның Еңбек Ері, педагогикалық еңбек ардагері Аягүл Миразова, ал үшінші орын алған мұғалімдерді «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқармасының төрайымы Гүлнас Ахметова марапаттады.

Үздік жұмыстарды  «Өрлеу» ұйымының Ютуб каналында көруге болады. Қазіргі уақытта каналда 32 мың жазылушы бар. Онда 1500 фильм жүктелген.

Соңғы жаңалықтар