Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына қатысты 2 ай мерзімге, яғни осы жылғы 2 тамызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Еске салса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар