Білім министрлігі ЖОО-ларға қоятын талаптарын қайта қарауы керек - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына қоятын талаптары мен нормативтерін қайта қарауы керек. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір ата-ана баласының жоғары білім алғанын қалайды. Бұл өте дұрыс қалау әрі құбылыс. Бірақ, бүгінгі күні еңбек нарығындағы келешек түлектің қажеттілігі мәселесі барынша өзекті болып тұр. Ол үшін жоғары оқу орындарында білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. Оқу процесінің сапасын көтермей білім гранттарын кезең-кезеңімен ұлғайту игіліктен біртіндеп іске қосылатын «минаға» айналып кетуі мүмкін«, - деді Қазақстан Президенті.

Сондықтан Мемлекет басшысы жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеміз деп жүріп оның девальвациялануына жол беріп алмау қажеттігін ескертті.

»Үкімет мемлекеттік гранттардың бағасы мен олардың қазіргі шынайы өмірге сәйкестігі мәселесін тыңғылықты зерделеуі қажет. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына қоятын талаптары мен нормативтерін қайта қарауы керек. Мәселен, жоғары оқу орындарының оқытушыларына студенттер санының арақатынасына қатысты талап салдарынан штаттар жасанды ұлғайтылуға мәжбүр«, - деді Қ.Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар