Білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге жаңа талап қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге жаңа талап қойылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді біз сапаның екі базалық негізгі түсінікті негізінен бастаймыз. Біріншісі - бұл заманауи білім беру бағдарламасы. Екіншісі - студенттерге жоғары талап», - деді министр.

Оның айтуынша, Академиялық еркіндік туралы заң еліміздің жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жедел жаңартуға мүмкіндік береді.

«Жұмыспен қамту мен жұмыс берушілердің кәсіби одақтарының бағалауына негізделген «Атамекен» ҰКП-ның білім бағдарламаларының рейтингі білім беру бағдарламаларының қажет етілетіндігіне және заманауилығына негізделген. Және де ол жоғары оқу орындарына жаңартудың нақты бағыттарын көрсетеді. Біздіңше, бұл міндеттерді шешу тұғырнамасының негізі қаланған», - деді Ерлан Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар