Білім министрлігі талапкерлер арасында танымал ЖОО-ларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қандай жоғары оқу орындары талапкерлер арасында сұраныс ие екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ретте, дәстүрлі түрде ұлттық университеттер жоғары сұранысқа ие. Осы орайда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін атап өткен жөн. Сонымен қатар, өңірлердегі ірі жоғары оқу орындарына тапсырған жастардың қарасы қалың. Яғни М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бар», - деді вице-министр елордада өткен брифингте.

Мұнымен қоса, биыл тағы бірнеше университет танымал болған.

«Биыл алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық ІТ-универсетет өз есігін ашты. Бұл жоғары оқу орнына айтарлықтай жоғары сұраныс болды. Қазақстан-Британ техникалық универтитіне де сұраныс артты. Ал техникалық бағыттағы ұлттық университтер арасында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін атап өтуге болады», - деді Ф. Жақыпова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін 2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар