+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесуде

2020 жылғы 12 тамыз 15:26
Бөлісіңіз:
Білім министрлігі шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандықтарды еліміздегі оқу орындарына ауыстыру бойынша көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл 5 ауыл колледжі заманауи қондырғылармен жарақтандырылады

Мәлім етілгендей, ҚР БҒМ шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсетуді бастады.

«Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын.

Бұл ретте, құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады», - деді министрліктен.

Осы мақсатта ҚР БҒМ-да жедел желі (74-16-24) іске қосылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT