+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Білім министрлігі «Балдәурен» орталығында балалар демалысын ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар өткізді (ФОТО)

2016 жылғы 9 сәуір 13:28
Бөлісіңіз:
Білім министрлігі «Балдәурен» орталығында балалар демалысын ұйымдастыру мәселелеріне арналған семинар өткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылдың 7-8 сәуірі күндері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2016 жылғы жазғы демалыс кезінде балалар демалысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру мәселелеріне арналған республикалық семинар өткізді.

Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке компаниялардың білім беру басқармаларының, облыстардың және Астана мен Алмат қаласы әкімдігінің өкілдері, балаларды сауықтыру орталықтарының басшылары қатысты.

Семинардың ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті басқармасының басшысы Гүлнаш Қошқарова мен «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхитдин Төлепбай қатысып, алғысөз сөйледі.

Жиынның жалпы отрысында балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру жұмыстарындағы барлық қызметтерді ведомствоаралық ұйлестіру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысында ұсыныстар әзірленді.

null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT