+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Тоқаев

2021 жылғы 21 қазан 11:19
Бөлісіңіз:
Білім министрлігі әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды СҚО-да биыл 500-ден астам жас «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты «Бәріне бірдей мүмкіндік»: 33,5 мың балабақша орны пайда болды

«Шындығында да біздің мектеп түлектеріміз қазақстандық қоғамға кіріктірілуі тиіс. Олар бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл үшін олар мемлекеттік тілді де, ана тілін де және мүмкіндігінше орыс тілін де білуі керек. Толықтай алғанда, балаларымыздың бірнеше тілді білгені өздеріне жақсы. Оларды бір тілмен ғана шектеуге болмайды. Сол арқылы біз іс жүзінде олардың болашақ дамуын, болашақтағы бірігуін шектейтін боламыз. Түптеп келгенде болашағының аман-есен болуынан айырамыз. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі және оны біздің ұлттық топырағымызға сіңіруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT