+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Білім министрі Ұлттық кеңес мүшелерін Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды

2021 жылғы 23 сәуір 22:33
Бөлісіңіз:
Білім министрі Ұлттық кеңес мүшелерін Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері арасында онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде министр Ұлттық кеңес шеңберіндегі Президент бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі ақпаратпен бөлісті. ҰҚСК қызметі шегінде Білім және ғылым министрлігіне мұндай 48 тапсырма берілді.

Атап айтқанда, Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу, оқулықтардың сапасын, орта, кәсіптік және жоғары білім беру жүйелеріндегі қаржылық, ұйымдастырушылық мәселелерді қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру барысына тоқталды. Сонымен қатар, министр педагогтардың әлеуеті мен мәртебесін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы, сондай-ақ педагогикалық мамандықтардың түлектерін аттестаттауға қосымша талаптарды енгізу туралы ақпаратпен бөлісті.

Одан бөлек, министр ғылымның дамуына, атап айтқанда, докторанттардың ғылыми тағылымдамаларына жыл сайын қаражат бөлу, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды тек ғылыми-техникалық міндеттер негізінде іске асыру, ғылыми институттардың техникалық жабдықтау мәселелеріне тоқталды.

Осыдан кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. ҰҚСК мүшелері талқылауға белсене қатысып, Айгүл Орынбек, Жеміс Тұрмағамбетова, Лаура Демесінова, Қайсар Тұрсынғожа, Максим Рожин, Марат Башимов, Арман Қашқынбеков, Андрей Чеботарев, Таттыгүл Талаева, Саясат Нұрбек және Айнұр Сабитова министрге өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

Атап айтқанда, Ұлттық кеңес мүшелері колледждерді жекеменшік компанияларға сенімгерлік басқаруға беруге, оқу орындарын бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға, жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігін тексеру және сабақтас пәндер бойынша сабақ беру мүмкіндігіне рұқсат алуға, белгілі бір бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды күшейтуге қатысты сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, ҰҚСК мүшелері мұғалімдер мен оқушылардың жеке деректерін қорғауға, әйел ғалымдардың ғылыми зерттеулерге қатысуына, ғылыми қызметке қатысушыларды аккредиттеу ережелеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорларын сайлау рәсімдеріне қатысты мәселелерді көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Ұлттық кеңес қызметі шеңберінде одан әрі өзара әрекет етуге дайын екендіктерін растады. Жақын арада осындай кездесулер басқа министрлік басшыларымен өткізілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT