Білім министрі Ұлттық кеңес мүшелерімен Президент тапсырмаларының орындалуын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық кеңес мүшелері Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовпен Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім және ғылым министрі Askhat Aimagambetov Ұлттық кеңес мүшелерімен онлайн форматта талқылауы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мамыр айында өткен Ұлттық кеңестің 3-інші отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды. Аталған 3-і отырыстың нәтижесі бойынша, 30 пунктіден тұратын жоспар қабылданған болатын. Міне, осы жоспардың орындалуы бойынша, әрбір ұсыныс қалай қаралып, қандай шешім қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша министр арнайы ақпарат берді. Яғни, бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында кері байланыс орнатудың жақсы үлгісі болды. Әдетте мемлекеттік органдар қоғам белсенділермен кездесу өткізіп, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдаса да, көп жағдайда сол айтылған ұсыныстар қалай қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша ақпарат бермейді. Сондықтан, бүгінгі кездесу Ұлттық кеңес мүшелеріне Білім және ғылым министрлігінен екі ай бұрын өткен жиын барысында көтерген өз ұсыныстарына қатысты нақты жауап алуға мүмкіндік берді», - деді Е. Қарин.

Сонымен қатар, жиында Ұлттық кеңес мүшелері Канат Ильич Нуров, Гульмира Илеуова, Асылбек Қожахметов, Айгүл Орынбек , Мұхтар Тайжан , Erlan Sairov

министр мырзаға жұртшылықты алаңдатып жүрген көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізген.

«Жиын аяғында, белгілі бір уақыт өткеннен кейін талқылауды тағы ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің орталық мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесу практикасы жалғасатын болады. Үкіметпен министрлердің Ұлттық кеңес мүшелерімен осындай талқылауларды тұрақты өткізу бойынша жоспар қабылданды. Келесі аптада Ұлттық кеңес мүшелерінің экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен онлайн форматтағы талқылауы өтеді», - деп толықтырды ҚР Президентінің көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар