Білім министрі ҰБТ туралы: Балаларды стрестік жағдайға әкелмеу керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова ҰБТ туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің мақсат - бағалау жүйесін объективті, ашық, түсінікті, қолжетімді ету. Ең бастысы, осы жүйе менің нені білетінімді немесе білмейтінімді түсіну мүмкіндігін беруі тиіс. Осы тұрғыда Ұлттық бірыңғай тестілеуді қарастыру керек», - министр.

Оның сөзіне қарағанда, әзірге, ҰБТ бойынша түбегейлі өзгерісістер жоспарланып отырған жоқ.

«Бүгінде тиісті өзгеріс енгізу бастамасын көтеріп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде процесс жүріп жатыр, біздің балаларымыз мектепті тәмамдап, ҰБТ-ны тапсыруға келеді. Сондықтан балаларды стрестік жағдайға итермелеудің реті жоқ. Дегенмен де біз сұрақтардың мазмұнын жетілдіру аясында жұмысты жалғастырамыз», - деді Күләш Шамшидинова.

Соңғы жаңалықтар