+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Білім министрі: ҰБТ-ны тиісті деңгейде өткізуге дайынбыз

2020 жылғы 2 маусым 10:30
Бөлісіңіз:
Білім министрі: ҰБТ-ны тиісті деңгейде өткізуге дайынбыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеудің материалдары 100 пайыз басып шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа оқу жылы: Қазақстанда бастауыш сынып оқушылары қалай оқиды Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді - министр Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етеміз - министр

«ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстары жалпы бүгінгі күні аяқталуға жақын. Тестілеу материалдары 100 пайыз басылып шығарылды. Барлық аудиториялар тиісті құрылғылармен 100 пайыз жабдықталды. ҰБТ өткізу пункттеріне бейне көрсетілім маниторлары да орнатылып бітті», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ҰБТ өткізу бойынша барлық құзырлы органдардың жауапкершілігіне қатысты ҚР Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тиісті міндеттерді бекітті.

«Біріншіден, Ішкі істер министрлігіне қауіпсіздік шараларын қатамасыз ету, екіншіден, жергілікті атқарушы органдарға барлық ҰБТ өткізу пункттерін тосқауыл таспаларымен, залалсыздандыру туннельдерімен, тепловизорлармен, санитайзерлермен, залалсыздандыру кілемшелерімен, респираторлық маскалармен қамсыздандыру және қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Жалпы, ҰБТ өткізуге арналған дайындық жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Министрлік әкімдіктермен, құқық қорғау органдарымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, тиісті деңгейде ҰБТ-ны өткізуге дайын. Барлық ұйымдастыру жұмыстары бүгінгі күні аяқталуға жақын. Дайындық бар», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT