Білім министрі ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға орай пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жайында екі жыл бойы айтып жүрміз. Бұл қадамға ата-аналар да, түлектер де дайын болды. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұған дейін тестілеу қағаз нұсқада тапсырылып келді, яғни жауаптарды бояп отыруға уақыт кететін. Енді биылдан бастап электронды ҰБТ-ға көшеміз. Бұл тұрғыда оңтайлы басымдықтар баршылық», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы қадамдар пандемия кезінде өзінің оң нәтижесін береді.

«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу үш ай бойы өтеді. Үш айда шағын топтармен түлектер өздері үшін ыңғайлы уақыт пен орында тест тапсырады. Сонымен қатар, ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ҰБТ электронды форматта ұйымдастырылатын болады.



Соңғы жаңалықтар