Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 27 °С
Алматы: 20 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Білім министрі тест тапсыра алмаған мұғалімдер жазаланбайтынына уәде етті

2018 жылғы 11 мамыр 11:58 2164
Бөлісіңіз:
Білім министрі тест тапсыра алмаған мұғалімдер жазаланбайтынына уәде етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыра алмаған мұғалімдерге ешқандай жазалау шаралары қолданылмайтынына уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамыр айында мұғалімдер ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруды бастайды. Егер де көпшілігі өздерінің біліктілігін дәлелдей алмаса, онда біз ешқандай жазалау шараларын қабылдамаймыз. Ережеге сәйкес, олар тест тапсырмаса, онда бұрынғы дәрежесімен және еңбекақысымен жұмысын жалғастырады. Мұғалімдерге қатысты ешқандай құқықтық салдар қарастырылмайды», - деді министр.

Сонымен қатар ол әкімдіктердің әлдебір квоталар енгізіп, мұғалімдерге жазалау шаралары қолданылатындығымен қорқытып жатқандағы туралы сыбыстар министрлікке жетіп жатқандығын айтты.

«Біз осындай қадамдарға бармауды өтінеміз. Мұғалімдерде ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалуға қажетті уақыты болуы керек.  Сонымен қатар педагогтар оны қашан тапсырса да өздері біледі. Сәйкесінше, ешқандай да мәжбүрлеу болмауы керек», - деді БҒМ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, аталған тестілеуді тапсыруға өз еркімен 60 мың мұғалім жазылған. «Бұл өз кезегінде мұғалімдер өздерінің біліктілігіне сенімді екенін, өз пәнін жақсы білетінін білдіреді. Ол 26 мамырда басталып, бірнеше күнге созылады», - деді ол.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат