+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Білім министрі ШҚО оқушыларын сабақтан босатты

2018 жылғы 3 сәуір 10:58
Бөлісіңіз:
Білім министрі ШҚО оқушыларын сабақтан босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев су тасқынына байланысты мектеп сабақтарының болмайтынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінгі отырысты пайдаланып, xалыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Су тасқынына байланысты бірқатар аудандарда, мәселен, Шығыс Қазақстанның бірнеше мектептерінде сабақ өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі", - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста министр білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы аталған бағдарламаға 445 мдрд теңге бөлінген. Бұл ақшаның 99,8 проценті игерілді.


Фото: gtrk-saratov.ru

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT