Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Білім министрі: Оқушы болашақ мамандығын 7- сыныптан бастап айқындай бастауы керек

2019 жылғы 16 тамыз 13:14 152
Бөлісіңіз:
Білім министрі: Оқушы болашақ мамандығын 7- сыныптан бастап айқындай бастауы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың есептеуінше, оқушы қандай мамандықты таңдайтынын 7-ші сыныптан бастап айқындай бастауы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылында 200 мыңға жуық бала ерте профилизацияға өтеді. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда 10 сыныптың оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді. Онда белгілі бір пәндер бойынша профилизация қарастырылған. Мен Алматы қаласындағы және бірнеше өңірдегі мектептердің директорларымен кездестім. Кейбір түсініспеушілік бар. Біз нұсқаулық-әдістемелік хатта бұл жайлардың бәрін жаздық. Жалпы, мамандықты айқындау мәселесі – өте өзекті. Бүгінгі таңда мамандықты айқындаудың сипаты мынадай: ЖОО-лар мен колледждер оқушыларға тек 11 сыныпта қысқа немесе көктемге таяу келеді. Оқу орнын жарнамалайды. Ал ол уақытта оқушы өзінің келешектегі мамандығын таңдап та қояды. Бұл мамандықты айқындау емес», - деді министр Тамыз конференциясында.

Асхат Аймағамбетов мамандықты айқындау жұмысы жүйелі сипатқа ие болуы керектігін жеткізді.

«Біздің ойымызша, мамандықты айқындау жетінші сыныптан басталуы керек. Яғни, алдын ала профдиагностика жүргізіліп, қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Білім және ғылым министрлігінде бұл жұмысты қалай жүзеге асыру жағынан нақты жоспары бар», - деді Асхат Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT