+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Білім министрі мұғалімнің даулы сұхбаты турасында: Ол ұстазбен біраз әңгімелестік

2019 жылғы 21 қазан 13:58
Бөлісіңіз:
Білім министрі мұғалімнің даулы сұхбаты турасында: Ол ұстазбен біраз әңгімелестік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен тараған көкшетаулық мұғаліммен кездесу болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды Қазақстан мен Өзбекстан ЖОО-ларында ауған қыздарын оқыту бағдарламасы іске қосылды

«Ол мұғаліммен кездестік, біраз әңгімелестік. Жалпы, көп сұрақтарына жауап бердік. Негізінен, мұны жүйелі түрде қарастыру керек, тек бір мұғалімнің мәселесі емес, яғни бұл жалпы ұстаздардың мәселесі. Бұны Елбасы да, Мемлекет басшысы да көтерді. Осы орайда тиісті тапсырмаларды беріліп, қажетті қаржы бөлініп жатыр. Сондықтан біздің алдымызда жүктелген тапсырманы тиімді орындау міндеті тұр. Заң жобасын Парламент қабылдайтын болса, оны іске асырамыз», - деді министр тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бөлек, министр педагогтардың мәртебесіне байланысты заң жобасында біраз мәселелер қарастырылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, жақында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде тараған көкшетаулық мұғалімнің даулы сұхбаты жөнінде пікір білдірген еді.

«Достар! Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ахетованың видеосұхбаты кеңінен таралып жатыр. Аталған роликте көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін. Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу», - деп жазды министр Фейсбук желісіндегі ресми парақшасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT