+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Білім министрі: Мемлекет бөлген қаражатты тиімді пайдалану керек

2020 жылғы 22 қыркүйек 12:21
Бөлісіңіз:
Білім министрі: Мемлекет бөлген қаражатты тиімді пайдалану керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов облыстық білім басқармаларының басшыларына «Жас маман» жобасын тиімді жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жас маман жобасы – кәсіптік-техникалық білімді дамытуға өте үлкен әсер ететіні белгілі. Өте маңызды жоба. Көптен бері осы жобаны әріптестеріміз армандап жүрген. Колледждерге тиісті құрылғылар, техникалар жетіспейтінін мәселе етіп көтеретін. Енді мемлекет тарапынан қомақты қаражат беріліп тұрған уақытта оны уақтылы әрі тиімді пайдаланып қалуымыз керек», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министрдің облыстағы білім басқармаларының басшыларына нақты тапсырма берді.

«Бұл жұмысты өздеріңіздің жеке бақылауларыңызға алуларыңыз керек. Тағы да қайталап айтамын. Республикалық сайтқа әкелініп жатқан барлық техниканы, құрылғылардың актілерін, фотосын көрсетуіміз керек. Қабылдауды да комиссия арқылы жүргізіп, берілген қаражатты тиімді пайдалануға тиіспіз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT