+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Білім министрі call-орталықтың операторы ретінде жұмыс істеп көрді

2020 жылғы 22 сәуір 23:06
Бөлісіңіз:
Білім министрі call-орталықтың операторы ретінде жұмыс істеп көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан білім беруге қатысты call-орталықтың операторы ретінде жұмыс істеп көріп, азаматтардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрдің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі мен халық арасында орнатылған кері байланыс тетіктері туралы жазды.

Солардың бірі оқушылардың қашықтан оқыту форматына көшуіне байланысты іске қосылған 1450 қысқа нөмірі де бар.

«Жедел желіге көптеген сұрақтар келіп түседі. Бұған өткен аптада түскі үзіліс уақытында орынбасарларыммен бірге өзім «оператор қатарында жұмыс істеп», көз жеткіздім. Сұрақтардың басым бөлігі қашықтан оқытуға, жалақының қалай төленетініне қатысты болды. Біз Call-орталыққа түскен қоңырауларға мамандармен бірге бірінші басшылардың да жауап беруі тәжірибесін одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деп жазды министр.

Ведомство басшысының айтуынша, Білім және ғылым министрлігі төтенше жағдай кезінде коммуникацияның өзге де түрлі құралдарын пайдалануда. Министрлік педагогтермен, ата-аналармен және сарапшылармен үнемі байланыста болуға тырысады. Себебі конструктивті сауалдарға жылдам әрі мазмұнды жауап беру – маңызды.

«Олар – дәстүрлі БАҚ, танымал интернет-платформалар, әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз, Call-орталығы, онлайн-конференциялар, арнайы чаттар мен басқа да форматтар.

Кері байланыс орнату барысында өткен жылдың күзінде іске қосылған Call-орталық ерекше рөл атқаруда. Сонымен қатар, біз Whatsapp-чаттарды және Telegram-арналарын тиімді қолданамыз.

Министрліктің Telegram-дағы @edu_news_qz арнасы бүгінгі күні 200 мыңға жуық аудиторияға ие, сондай-ақ «Бала қорғау» @bala_qorgau арнасы кері байланысты қамтамасыз етуде.

Мектеп директорларымен, әдістемелік кабинет, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің, білім басқармаларының басшыларымен, ЖОО проректорларымен және ректорларымен, ғылыми ұйым басшыларымен жеке чаттарымыз бар.

Сондай-ақ, менің тапсырмам бойынша өңірлердегі білім басқармаларының, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және ЖОО басшылары әлеуметтік желілерде парақшаларын ашып, белсенділік танытуда», - деді ол.

А.Аймағамбетов атап өткендей, мұндай жұмыс форматы туындаған сұрақтарға дереу жауап, түсініктемелер беруге, қажетті ақпаратты тез арада алуға және жеткізуге мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT