+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Білім министрі: Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда

2020 жылғы 27 наурыз 17:24
Бөлісіңіз:
Білім министрі: Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов уақытша қашықтан оқытуға көшу шешіміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма – Аймағамбетовтың жауабы Қарағанды облысында мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс

«Соңғы уақытта мектептерде оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны туралы көптеген сұрақтар келіп түсуде, өйткені төртінші тоқсанның басталуына небәрі он күн қалды. Адамдардың бойында, әсіресе, осындай қиын кезеңде, жаңа әрі белгісіз нәрсеге деген қорқыныш сезімінің болуы – қалыпты жағдай. Форс-мажорлық жағдайда білім беру саласында болып жатқан процестер бізге тек пайдасын тигізеді деп сендіргім келеді. Біз сыни пікірлерді естіп те, көріп те отырмыз. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн. Өкінішке қарай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда А. Аймағамбетов министрлік осындай жағдайға тап болған басқа елдердің тәжірибесін алдын ала зерделегенін атап өтті. Іс жүзінде олардың барлығы қашықтан оқу режіміне көшкен, яғни бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы осындай форматта білім алуда.

«Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, біз де уақытша қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылдадық. Біріншіден, теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл - тіптен жаңа формат. «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. Түсірілім жұмыстары басталып кетті. Негізгі пәндер бойынша 2000-нан астам бейнесабақ түсіру қажет. Мен кеше түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатқан студияда болдым. Сценарий жазушылардан, режиссерлер мен педагогтерден тұратын жұмыс тобы әрбір шығарылымды мұқият пысықтауда. Біздің ұстаздар тележүргізуші ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеруде. Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда. Бұл оңай іс емес екенін бірден айтқым келеді», - деді ведомство басшысы.

Екіншіден, арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы сабақтар өткізу қарастырылған. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады. Тиісті келісімге қол жеткіздік. Сондай-ақ, біз интернет-провайдерлерімен осы ресурстарды пайдаланған кезде трафик есептелмейтіндей келісім орнаттық», - деп нақтылады Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT