Білім министрі бала құқығын қорғау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық және аудандық комиссиялардың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомствоаралық комиссия – барлық мемлекеттік органның күш біріктіріп, жұмысын үйлестіретін басты институт. Сондықтан осы институтқа біз баса мән береміз. Денсаулық сақтау, білім, ішкі істер органдары қызметкерлері бір бағытта жұмысын үйлестіре білуге тиіс. Бірақ сол комиссияны (облыстық және аудандық) – елеусіз жұмыс органынына, білім басқармасы немесе бөліміне айналдырып жібердік. Жұмыс жоспарын қарасаң, бәрі де білімге қатысты дүниелер. Тұрғын үй, балалардың денсаулығы, скрининг, әлеуметтік қорғау мәселелері қайда қалды? Жұмыстың бәрі бір бағытта жүргізіліп кеткен. Мұның басты себебі – сол комиссиялардың хатшылары білім басқармаларының немесе бөлімдерінің өкілдерінен тағайындалып кеткенінде. Бұған жол беруге болмайды. Мәселелерге жан-жақты қарау керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлік бүгінгі күні аудандық және облыстық комиссиялардың жұмысын тексерген.

«Біздің мамандар сондағы жұмысты қашықтан отырып-ақ бағалауға қауқарлы. Сол тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша осы ескертулерді жинақтап отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.



Соңғы жаңалықтар