+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Білім министрі: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз – басқасының керегі жоқ

2019 жылғы 16 тамыз 14:12
Бөлісіңіз:
Білім министрі: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз – басқасының керегі жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы «Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көтеріп жүр. Бұл – өте маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады. Біз қазіргі уақытта осы жұмысты жүргізіп жатырмыз», - деді ол Тамыз конференциясында.

Министр өз сөзінде «Әліппенің» бірнеше нұсқасын қарастырылғанын тілге тиек етті.

«Оларда ешқандай логика жоқ. Баспалардың бірі 11 дауыссыз, 11 дауысты әрпі бар нұсқасын алып келіпті. Неліктен, мүмкін басқаша бір әдістеме бар шығар деп сұрай бастасаң – ешкім де түсінікті түрде жауап бере алмайды. Әліппе – тәжірибе жасайтын алаң емес. Бізде баяғыдан – нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол - Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан, ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеменің негізінде жұмыс жүргізетін боламыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT