+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Білім министрі: Әліппеге қатысты жұмыс тобы құрылды

2019 жылғы 21 қазан 12:04
Бөлісіңіз:
Білім министрі: Әліппеге қатысты жұмыс тобы құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі әліппеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дана Нұржігіт: Карантин тәртібін сақтау - ұлтты сақтау Мәжіліс депутаттары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді Парламент депутаттары Құрбан айтта дәрігерлерге сый-сияпат жасады⁣

«Әліппеге қатысты мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Бұл шын мәніне өте маңызды. Биыл тамыз кеңесінде осы мәселеге жеке тоқталдық. Қазір тиісті жұмыс тобы құрылды. Біздің айтып отырғанымыз, әліппені мектепке енгізу керек және онда ешқандай эксперимент керек емес. Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі бар, сол әдістемеден басқа ештеңе ойлап табу қажет емес», - деді министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Сонымен қатар А.Аймағамбетов оқулықтарды даярлау, талдау шараларына сын айтылып жатқанын атап өтті. Осы мәселелерді шешу үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға «жасырын» шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT