Білім министрі 800 мектеп салуда қандай механизм қолданылатындығын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай мектептердегі орын тапшылығы 670 мыңды құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды бағыттардың бірі – инфрақұрылымды дамыту. Қазіргі уақытта елімізде 34 апатты және 137 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді. 2025 жылға қарай орын тапшылығы 670 мың орынға жетеді деп болжап отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Тек қана осы жылдың соңына дейін 200 жаңа мектепті пайдалануға беру қажет. Аймақтар тиісті жоспармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні жұмыс қарқынды жүріп жатыр», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жекеменшік мектеп желісін арттыру өте маңызды. Соңғы екі жылда елімізде 41 мың оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды.

«Бұл бұған дейін ашылған жекеменшік мектептердің санынан 2 есе көп екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта министрлік әкімдіктермен бірлесіп, 800 мектепті салу жол карталарын жасауда. Ол үшін 4 механизм қолданылады: мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жекеменшік мектептер желісін дамыту, мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс және модульдік конструкциялардан мектептер салу», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар