+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Білім министрі 2021 жылдан бастап дипломдар қалай берілетінін түсіндірді

2021 жылғы 14 қаңтар 15:07
Бөлісіңіз:
Білім министрі 2021 жылдан бастап дипломдар қалай берілетінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейін де қамтыды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл 5 ауыл колледжі заманауи қондырғылармен жарақтандырылады Асхат Аймағамбетов грантта оқыған кейбір студенттер қандай айлаға баратынын айтты

«Енді жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы жүргізілмейді. Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берілген. Әр ЖОО оқу бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді. Сондықтан мұндай бағалау түрін жүргізудің қажеті жоқ», - деп түсіндірді министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, білім алғанын растайтын өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына, оларды есепке алу және беру тәртібіне қойылатын талаптар да заң негізінде айқындалды.

«2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Яғни, енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды. Әр оқу орны жеке брендке айналып, студенттер оқу орындарын білім беру сапасына қарай таңдайтын болады. Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді», - деді А. Аймағамбетов.

«Сондықтан заңсыз немесе жалған құжат айналымына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, білім берілгенін растайтын құжатты есепке алу және сериялық нөмірлері бойынша бір жүйеге келтіру үшін дипломдардың мазмұнына қатысты бірыңғай минималды талаптар қарастырылған. БҒМ-нің ақпараттық жүйесінде берілген дипломдардың депозитариі, реквизиттері болады, сондай-ақ Болон процесінің талаптарына сай Diploma Supllement беру қарастырылады», - деп нақтылады ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT