+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Білім министрі 2 352 мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды

2019 жылғы 23 қараша 11:23
Бөлісіңіз:
Білім министрі 2 352 мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептеріндегі даладағы дәретханаларды жабуды ұсынды. Бұл жайында Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетау мектептеріне Абай мен Әл-Фараби есімдері берілетін болды Қостанай облысында 167 ауылда мектеп жоқ Биыл Түркістан облысында 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Асхат Аймағамбетовтің дерегінше, елімізде дәретханасы далада орнатылған 2 352 мектеп бар. Мұндай мектептердің 60 пайызы Түркістан облысында, 54,6 пайызы Алматы облысында, 44 пайызы Батыс Қазақстан облысында және 43 пайызы Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Осыған орай министр білім беру нысандарына біліктілік талаптарын қайта қарауды ұсынды.

«Қайғылы жайттың қашан орын алатындығын күтудің қажеті жоқ (...). Бізге білім беру нысандарына қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарап, санитарлық ережелер мен нормаларда даладағы дәретханалар мүлдем болмауы тиістігі жазылу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіну қажет шығар. Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы органдар мектеп лицензиясы болуы үшін, мектеп жұмысын одан ары жалғастыруы үшін шынымен де шынайы шаралар қабылдауға мәжбүр болады»,- деді А.Аймағамбетов.

Осы ретте ол бұл мәселеге қатысты нақты жол картасы болуы тиістігін айтты.

«Бір күннің ішінде ешкім де жылы дәретхана сала алмайды. Шалғайда орналасқан елді мекендер бар. Дегенмен, проблеманы шешу қажет», - деді ол.

Еске сала кетсек, Тараздағы мектептердің бірінде даладағы дәретханаға сұранып шыққан оқушы қызға 38 жастағы ер адам сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті. 15 қарашада күдікті қолға түсті.

Осы оқиғадан кейін Жамбыл облысындағы барлық білім ордаларындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал, зардап шеккен оқушы ауруханаға жатқызылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT