+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Білім министрі: 12 жылдық жүйеге көшуде асығыстық болмайды

2019 жылғы 11 желтоқсан 17:50
Бөлісіңіз:
Білім министрі: 12 жылдық жүйеге көшуде асығыстық болмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне көшердің алдында дайындық жұмысын жүргізіп алуымыз керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизмге қарсы күресте өзара іс-қимылды қалыптастырады Сенатор Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлеріне қатысты ақпаратты зерттеуді сұрады Жаңа мемлекеттік биокомбинат керек - Мұхтар Жұмағазиев

«12 жылдық білім беру бойынша Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне көшердің алдында дайындық жұмысын жүргізіп алуымыз керек. Өйткені инфрақұрылым, үш ауысымдағы және апаттық жағдайдағы мектептер проблемасы бар. Бүгінде оқулықтар, ұстаздар толық дайын деп айта алмаймыз. Сондықтан бұл мәселе бойынша асығыстық болмайды», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда А. Аймағамбетов дайындық шаралары егжей-тегжейлі атқарылғаннан кейін ғана бұл жүйеге көшу басталатынын атап өтті.

«Бұл тұрғыда жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы талқылау барысында ведомство басшысы Қазақстанда алдағы уақытта педагог даярлаумен нақты 20-30 жоғары оқу орны айналысатынын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT