Білім мен ғылымның бірігуіне ықпал ететін жаңа жоба қабылданды - ҚР БҒМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ білім беру мен ғылымның бірігуіне ықпал ететін жаңа жоба қабылдады. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми ұйымдар жетекшілері арасында келісімге қол қойылды.

Аталған жоба әзірге сынақ ретінде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті түлектері арасында өткізіледі. Оқу орнының 100 магистранты мен 50 PhD докторанты ҚР БҒМ Ғылым комитетінің академиялық институттарында білім алатын болады.

«Біз осы бағытта 100 магистрлік, 50 PhD докторлық гранттарды бөліп отырмыз. Аталған жобаның ерекшелігі оқытушы ретінде бірқатар ғылыми ұйымдардың ғалымдары дәріс береді, оқу бағдарламаларын ғылыми- зерттеу институттарының ғалымдары дайындайтын болады. Осылайша, біз оқу бағдарламалары арасында бәсекелестік тудыра аламыз. Қалыптасқан ғалымдар өз білімдерін келер ұрпаққа қалдырып кетуі керек. Жақсы нәтижеге қол жеткізілген жағдайда бұл жоба өзге де оқу орындарында қолданылатын болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Министрдің айтуынша, жаңа жоба Елбасының осы уақытқа дейін айтып келген ғылым мен білімнің бірігуі мәселесін оңтайлы шешуге септігін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар