Білім мен ғылымды дамытудың мембағдарламасы халық талқылауына шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы халық талқылауына шығарылады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген сөзі бар. Осыған орай, барлық мақсат-міндеттер Үкімет әзірлеп жатқан «Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» толық қамтылуы тиіс«, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағдарламаның жобасын халықпен кеңесіп, кеңінен талқылау қажеттігін атап өтті.

»Бұған қажетті ресурстар жеткілікті«, - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар