+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Білім мәдениетін қолдау үшін университеттердің Еуразиялық желісі құрылды

2020 жылғы 28 қараша 14:08
Бөлісіңіз:
Білім мәдениетін қолдау үшін университеттердің Еуразиялық желісі құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЖОО басшыларының халықаралық онлайн кездесуі өтіп, онда «шексіз білім мәдениетін қолдау үшін университеттердің Еуразиялық желісі» құрылатыны ресми түрде жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл 5 ауыл колледжі заманауи қондырғылармен жарақтандырылады Асхат Аймағамбетов грантта оқыған кейбір студенттер қандай айлаға баратынын айтты Білім министрі 2021 жылдан бастап дипломдар қалай берілетінін түсіндірді

Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ұйымдастырды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013-2022 жылдар аралығын Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы деп жариялады. Бұл тұрғыда адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің қолайлы ортасы ретінде студент жастардың бойында білім мәдениетін қалыптастыруды көздейтін университеттердің Еуразиялық желісін құрудың мақсаты ерекше өзектілікке ие болуда. Жоғары білікті мамандардыдың жаңа буыны – жоғары этикалық және азаматтық ұстанымы бар тұлғалар өркениет дамуына лайықты үлес қосуға қабілетті.

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов құттықтау сөзінде желіні құру идеясын қолдады. Ол БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша Жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ жүзеге асырып жатқан заманауи Университет 4.0 моделінің өз жеке тағдырына ғана емес, бүкіл адамзат үшін жауапты рухани-адамгершілік құндылықтары жоғары әлем азаматтарын қалыптастырудағы ерекше рөліне тоқтады. «Университет 4.0 моделін жүзеге асыруға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарындағы 12 шетелдік әл-Фараби орталығы қосылды. Олар Еуразиялық желі үшін шексіз білім мәдениетін қолдауда оңтайлы платформа болмақ», – деді ректор.

«Пандемияның қиын жағдайында біз Орталық Азиядағы жоғары білімнің болашағы туралы, университеттерді білім мәдениеті ғимаратын құру идеясымен біріктірудің жолын талқылаудамыз, – деп атап өтті Олжас Сүлейменов. – Біз мәдениеттер жақындастығының онжылдығын жариялау идеясын алға тартқан кезде, адамзатқа жас ұрпаққа лайықты болашақты қамтамасыз етуге көмектесетін ортақ планетарлық сананы қалыптастыру мақсатында білімнің жақындасуын көздедік».

Университеттердің Еуразиялық желісінің Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының патронажымен құрылды. Алматыда орналасқан бұл орталық ғылым мен білімді дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдени сан алуандықты нығайту негізінде планетарлық сананы тәрбиелеуге және диалогқа жаңа серпін беру үшін арнайы құрылған бірегей халықаралық институт.

Биыл ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық деңгейде әл-Фарабидің 1150-жылдығы мен Абайдың 175-жылдығы аталып өтілуде. Ойшылдардың өркениеттің дамуына қосқан ерекше зор үлесі халықарылық қоғамдастық тарапынан лайықты бағаланды. Осыған орай онлайн-кеңестің бастамашылары Еуразиялық университеттер желісін ағартушылар мен гуманистер – әл-Фараби мен Абайдың құрметіне атауды ұсынды.

Іс-шараға Еуразиялық университеттер желісіне енген жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері қатысты: ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Құрманғазы атындағы ҰК ректоры Арман Жүдебаев, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин, ҚАЕУ Президенті Ережеп Мамбетказиев, М.Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка елдері институтының директоры Игорь Абылгазиев, Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚазҰАУ проректорлары Ақтолқын Құлсариева мен Александр Курдеко, Жерорта теңізі, ОА және Африка елдерінің ЮНЕСКО «Авиценна» кампустарының виртуалды желісінің үйлестірушісі, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының жетекшісі Арина Мясоед, БАҚ және қоғам өкілдері.

«Шекарасыз білім мәдениетін қолдайтын университеттердің Еуразиялық желісінің» ресми ашылу рәсімі қорытынды коммюнике мен бірлестік жарғысының қабылдануымен аяқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT